"Мені танытты" деген Ардақ Назаров алғыс айтып, мәлімдеме жасады

"Мені танытты" деген Ардақ Назаров алғыс айтып, мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров қазіргі шақырылымның өкілеті аяқталғаннан кейін саяси мансабын жалғастыра ма, жоқ па, әзірге нақты шешпегенін айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Парламенттің бірлескен отырысы кулуарында журналистер одан Ұлттық құрылтай құрамына кіруге ниеті бар-жоғын сұраған. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Алғашында депутат бұл сұраққа нақты жауап бермей, кейін өзін басқа салада көргісі келетінін айтты.

“Мен өзімді басқа салада көргім келеді. Үш жыл депутат болдым. Мұнда жұмыс істеудің, мемлекеттік қызметте болудың қандай екенін көрдім. Енді басқа салада да өзімді сынап көргім келеді”, деді Ардақ Назаров.

Мәжілістегі үш жылдық жұмысын қорытындылаған депутат бұл кезеңде үлкен тәжірибе жинағанын және “саяси өмір мектебінен” өткенін атап өтті.

Сондай-ақ ол журналистерге ешқандай өкпесі жоқ екенін айтты. Назаровтың сөзінше, оның танылуына БАҚ өкілдерінің де ықпалы болған.

Ал өзінің депутат ретіндегі тиімділігін бағалауды халықтың еншісіне қалдырды.

“Оған халық баға береді”, деген мазмұнда жауап берді депутат.

Сонымен қатар Ардақ Назаров Мәжілісте жүргенде өскелең ұрпақты қауіпті ықпалдан қорғау мәселелерімен айналысқанын айтты. Ол ЛГБТ тақырыбы мен лудоманияға қатысты жұмыс топтарындағы қызметін еске салды.

Айта кетейік, Ардақ Назаров бұған дейін де қоғамда қызу талқыланған мәлімдемелерімен және журналистермен диалогы арқылы назарға іліккен еді.

Барлық жаңалықтар