Бірнеше күн бұрын ғана "жала жауып жатыр" деп жылап видео бөліскен Мереке Қалбаева кешірім сұрап, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Сүйіп қалдым жас баланы", "Тәттім" деген екі әнді де Жандос Әлмағамбет жазған. Бір бағдарламада байқамай, "өзім жазғам" деп, кейін Жандостан кешірім сұрағам.
Жақында "Жандос маған жала жауып жатыр" деп таратқан видеоға қатысты айтарым, кінә менен екен. Кешірім сұраймын.
Ән жаздыртқанымыз үшін кезінде Жандосқа ақша бермек болғанымызда, "керегі жоқ, арамызда ақша жүрмесін" деп...содан екі әннің де ақысы төленбеген екен.
Миллион теңге бердім Жандосқа, кешірім сұрадым" деді Мереке Қалыбаева.