Міндетті медициналық тексеруден өту тәртібі өзгерді

Міндетті медициналық тексеруден өту тәртібі өзгерді

Қазақстанда қызметкерлерді жұмысқа қабылдау алдындағы және мерзімдік міндетті медициналық тексеруден өткізу қағидалары жаңартылды. Нәтижелер цифрлық медициналық жүйеге енгізіліп, зиянды жағдайда ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге қосымша тексеру енгізіледі, деп жазады Democrat.kz.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 16 қыркүйектегі бұйрықпен міндетті медициналық тексерулерді өткізу тәртібіне өзгерістер енгізді.

Алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы және кейінгі медициналық тексерулерді тиісті мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізуі керек.

Мерзімдік тексеру жүргізген медициналық ұйым әр қызметкердің нәтижесін цифрлық медициналық жүйеге енгізеді.

Зиянды немесе қауіпті өндірістік жағдайда үздіксіз кемінде сегіз жыл еңбек еткен және өндірістік факторлардың ағзаға әсер ету белгілері байқалған қызметкерлер кәсіби патология саласындағы мамандандырылған медициналық ұйымда бес жылда бір рет тексеріледі.

Сондай-ақ міндетті тексеруден өтуге тиіс қызметкерлердің санаттары, зертханалық зерттеулер көлемі және жұмысқа жіберуге кедергі болатын медициналық қарсы көрсетілімдер жаңартылды. 

Барлық жаңалықтар