Непалда жойқын тасқын: жүздеген адам із-түзсіз жоғалып, кемінде сегіз адам қаза тапты

Непалда жойқын тасқын: жүздеген адам із-түзсіз жоғалып, кемінде сегіз адам қаза тапты

Непалда өзендердің күрт тасуы бірнеше елді мекенді су астында қалдырды. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде сегіз адамның қаза тапқаны расталып, жүздеген тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп жазады Democrat.kz.

26 тамызда Тришули өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген.

Euronews мәліметінше, бұған Тибет жағынан Бхоте-Коши өзеніне көп көлемде судың келуі себеп болған.

Нувакот пен Дхадинг аудандарындағы кадрлардан лай аралас судың елді мекендерге жайылып, көшелерді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына толтырғанын көруге болады.

Расува ауданында ауылдар, жолдар және басқа инфрақұрылым нысандары зақымданған.

Билік тұрғындарды Бхоте-Коши, Тришули және Нараяни өзендерінің жағалауынан аулақ болуға шақырды.

Кемінде сегіз адамның қазасы расталды. Жүздеген адамның қайда екені белгісіз, сондықтан құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Барлық жаңалықтар