Орыстілді діндарлар - дінімізге төнген нағыз қауіп

Орыстілді діндарлар - дінімізге төнген нағыз қауіп

Байқағаным, никабтағы (бетті жабатын хиджаб) қыздар және мүфтиятты пысқырмайтын ер кісілер көбінесе орыстілді. Екі- үш жылдай байқап келе жатырмын. "Келінка Сабина" да орыстілді екенің еске салайын.

Бұл жағдай неге әкеліп тіреді? Исламнан тәлім алайын деп мұндайлар орысша уағыздарды Кавказ және араб (аударма) уағызшыларды тыңдайды. Қазақи рухы "стержіні" болмағандықтан, біздің тарихи әдет- ғұрпымызды және болмысымыздың иісін танымай білмегендіктен, бастары сол жаққа ауып кетеді. Сондықтан, араби никаб киіп, қазақшылықтан алшақтап кетеді. Бұл жағдайды кері бұру керек. Мүфтият соңғы екі жылдарда осы жолда біраз жұмыс жасап келе жатыр. Қазақи нақыштағы имамдар көбейіп жатыр, білімдері де біраз жақсарды. Қазақи нақыштағы жақсы уағыздары да көп болып жатыр. Ол өте жақсы. Ал, енді эфирге, әлеуметтік жүйені де қолға алса, тіпті жақсы болатын еді. Қайдағы бір жаңа ғана үй медресесінен шыққан "доморощенный" уағызшыларды эфирлерден алып тастап, Кавказ және салафи араб елдерінің шейхтерін муфтият имамдары біліммен сөз шеберлігімен соларды қазақ тілінде жеңіп шықса — еліміз қараңғылықтан шығады. Тоғжан ҚОЖАЛЫ, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар