"Президентке хат жазамын!" деген Айман Сағидулла министр Жұлдыз Сүлейменоваға үндеу жасады

"Президентке хат жазамын!" деген  Айман Сағидулла министр Жұлдыз Сүлейменоваға үндеу жасады

Белсенді ұстаз Айман Сағидулла білім саласындағы проблемаларды айтқаны үшін Оқу ағарту вице министрі "жазбаларды алып таста" деп хабарласқанын, "Мұғалім мәртебесі" заңын қайта қарау жұмыс тобындағы болып жатқан басқа да келеңсіздіктерді айтып министр Жұлдыз Сүлейменоваға үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Бүгінгі жазбама 2 сағат бұрын өте көп пікір түсіпті. Бәрінің уақыты 2 сағат, 1,5 сағат, 1 сағат.

Бәрі де авторлық бағдарламаны мақтап, ҚМЖ -ны мақтап жазыпты.  Ghat SPT жазып берген сияқты. Соның стиліне қатты ұқсайды пікірлері. 

Бәрі де керемет мықтылар екен. ҚМЖ дегенді, авторлық бағдарлама дегенді мықты жазады екен.  Менің ойымша бір шенді 2 сағат бұрын тапсырыс берген сияқты.

Менің жазбамның арқасында бастықтарына жақсы көрініп, бір бедел жинап алды . Керемет жетістік. 

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым ! Бұрын Ғаниды Ғани дедік. Сізге не болды? Кезінде бір фейк сіз екеуіміз туралы жазба жазған еді.

Тапсырыспен жазылатын жазбалар мен посттарды сіз де мен де жақсы түсінеміз. Қасыңыздағыларға сене бермеңіз. Не болды сізге?

Бұлай болатын болса , мені неге ол топқа қостыңыз ? Мені мазақ етіп отырсыздар ма? Күндіз-түні уақытымды алып бұйрық оқимын, оны комиссиядағылар қолдамайды , сізден көмек сұрап пост жазсам , тапсырыспен пікір жазғызады. Бұл не сонда? Мен ойыншықпын ба сіздерге?

Жұлдыз ханым! Айналадағыларыңызды жуық арада тәртіпке салыңыз. Сіз екеуіміздің арамызға жік түсіп жүрмесін! Шыдамның да шегі бар.

Бұл менің белсенді ретіндегі соңғы жұмысым. Өткенде айттым. Бұл жұмысты не сапалы түрде атқаруым керек, болмаса тоқтатуым керек.

Онсыз да денсаулығыммен алысып жүрген жайым бар. Мен ешкімге ойыншық болмаймын. Ондайды ұнатпайтын адаммын. Мен халықтың мұңын айтып отырмын. Заңды талап қойып отырмын. Мені заң да, халық та қолдап отыр. Жеке басыма үй сұрап, мансап сұрап, көйлек сұрап отырған жоқпын. Не мені жұмыс тобынан шығарып тастаңыз ,болмаса айтқан мәселеме назар аударыңыз.

Айтпақшы, сіз сенген вице министр өткенде маған қоңырау шалды. "Жазбаңды алып таста,"- деп. Бұлардың қолынан бәрі келетінін содан түсініп отырмын.

Не дегенмен бұрынғы министрдің тәрбиесін көргендер отыр ғой.  Видеода толық нұсқаны жариялаған жоқпын. Көп сөз. Қысқартып қана алдым.

Министрлік өкілдері! Менің телефоныма вацаптан звондайсыз ба, телеграмнан звондайсыз ба, видео жазып алады. Ескерту. Дауысыңыз жазылып қалмасын! Мен өте жаман адаммын. 

Тапсырыспен пікір жазып отырған данышпандар! Авторлық бағдарламаны қолдапсыздар. Құдай сіздерге сол авторлық бағдарламаны өмір бойы жазуды бұйыртсын !

Модератор мен сарапшылардың әдістемелік құрал жазуын қолдапсыздар. Мұғалімдердің көз жасын көтеруге дайынсыздар ма?

ҚМЖ -ны қолдапсыздар. Оқушылар мен мұғалімдердің обалын көтеруге дайынсыздар ма?

Жұлдыз ханым! Президентке хат жазамын! Мен бастаған ісімді аяқтауым керек. Менің соңыма адам салып, тапсырма беріп жүрмесін!

Нысаналы мектеп мәселесінде қаншама қиындық көрдім. Ол кезде сіз қолдадыңыз бізді. Қазір өкінішке орай депутат Жұлдыз жоқ бізді қолдайтын. Вице министрдің ескі логикасына сенетін министр Жұлдыз ғана қалды.  Маған ренжімеңіз!

Мен күттім сіздің ара түсуіңізді. Шыдамның да шегі бар. Күтудің де бітетін уақыты бар. Қол қоятын мұғалімдерді тағы да қинап, қолдарын қайтарып алғызатын шығар?  Ғанидың шәкірттері отыр ғой қасыңызда.

Менімен соңына дейін бірге қалатын мұғалімдер де шығады әлі. Сенемін! Видеоны бұлардың қолынан бәрі келетінін көрсету үшін ғана жариялап отырмын. Әйтпесе бұл әңгіменің өткеніне біраз уақыт болды", деп жазған Айман Сағидулла қысқа уақыттық видеоны да қосып жариялады.

Барлық жаңалықтар