Жезқазғанда өңірдің басты мәдени нысандарының бірі – Серке Қожамқұлов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрын ауқымды жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жобаны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жүзеге асыруда. Театр 1972 жылы пайдалануға берілген. Бұл содан бері жүргізіліп жатқан алғашқы толыққанды күрделі жаңғырту деп жазады Democrat.kz.
Жоба ғимараттың тарихи сәулеттік келбетін сақтай отырып, оны кешенді түрде жаңғыртуды көздейді. Жобаның басты мақсаты – Ұлытау облысында театр өнерінің дамуына жаңа мүмкіндік беретін заманауи мәдени кеңістік қалыптастыру.
Жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін театр заманауи сахналық, жарық және дыбыс жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Негізгі жаңалықтың бірі – айналмалы механизмі бар жаңа сахнаның орнатылуы. Бұл шешім қойылым қою мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтіп, спектакльдер мен мәдени іс-шараларды өткізу сапасын жаңа деңгейге көтереді. 
Жаңғырту аясында нысанның инженерлік инфрақұрылымы толық жаңартылады. Жылумен, сумен және электрмен жабдықтау жүйелерін ауыстыру, заманауи өрт қауіпсіздігі мен бейнебақылау жүйелерін монтаждау, сондай-ақ жаңа желдету және ауа баптау жүйелерін орнату көзделген. Бұдан бөлек шатыр жабыны толық ауыстырылып, театрдың ішкі бөлмелері түгел жаңартылады.
Бүгінде демонтаж жұмысы толық аяқталды. Театр ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары жалғасып, құрылыс-монтаждау жұмысының келесі кезеңіне дайындық жүргізілуде.
Жобаны іске асыруға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 5,1 млрд теңгені құрайды. Театрды жаңғырту жұмысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту «Қазақмыс» қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Компания Ұлытау облысында мәдениет, спорт, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын және абаттандыру нысандарын қамтитын ауқымды әлеуметтік инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Биыл компанияның қолдауымен өңірде іске асырылатын әлеуметтік жобалардың жалпы көлемі 30 млрд теңгеден асады.
Серке Қожамқұлов атындағы театрды жаңғырту өңірдің мәдени мұрасын сақтауға қосылған маңызды үлес болмақ. Сонымен қатар жоба Ұлытау облысы тұрғындарының шығармашылық тұрғыдан дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қазақмыс Жезқазғандағы облыстық драма театрды жаңғырту жобасын жүзеге асыруда
Фото "Қазақмыс".
-
Еурокомиссия Booking.com платформасын жалған хабарландыруларға байланысты тексереді18:00, 23 қазан 2026
74
-
Эбола індеті бірнеше елде тіркеліп, халықаралық алаңдаушылық туғызды17:30, 23 қазан 2026
80
-
Қазақстанда еріктілер ұйымдарының саны 810-нан асты17:00, 23 қазан 2026
90
-
Павлодар облысында киіктер саны 100 мыңнан асты16:30, 23 қазан 2026
100
-
Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды16:26, 23 қазан 2026
92
-
Ақмола облысындағы үш ауылға орталықтандырылған су жеткізілді16:00, 23 қазан 2026
93
-
Қазақстан ресми статистиканы жинау тәсілін өзгертпек15:30, 23 қазан 2026
94
-
«Мұғалімдер мектептен кетіп жатыр»: Ұстаздардың үнсіз күйреуінің себебі неде?15:00, 23 қазан 2026
991
-
Ливия Қазақстаннан астық пен ет импортын көбейтуді көздейді14:30, 23 қазан 2026
100
-
«Тоқсандық баға дауы»: Мұғалімдер мен ата-аналардың «шайқасы басталды»14:00, 23 қазан 2026
327
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6032
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5862
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4559
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4277
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3885
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3263
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
2974
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
2951
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2790