«Қазақмыс» Тобы өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталған өндірістік техника мен жабдықтарды жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда деп жазады Democrat. kz.
Бұл жұмыстың кезекті кезеңінде компанияның өндірістік бөлімшелері үшін жаңа автокөлік техникасы жеткізілді. Кәсіпорындардың қажеттілігі үшін 10 жаңа автокөлік сатып алынды. Олар енді Ұлытау облысы мен Қарағанды өңіріндегі өндірістік нысандарда пайдаланылады.
Жеткізілетін техника құрамында Саяқ кенішінің байланыс учаскесіне арналған үш Toyota Hilux автокөлігі бар. Жаңа көліктер бұрын пайдаланылған техниканы алмастырып, байланыс учаскесінің жұмысын қамтамасыз етуге, жабдықтарға қызмет көрсетуге және кеніш аумағы мен оған іргелес нысандарда өндірістік міндетті атқаруға жұмылдырылады.
Тағы бес Toyota Hilux автокөлігі «Қазақмыс» корпорациясы «Q.I. Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-Ken ondirisi» филиалының электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі Энергетика басқармасына жеткізілді. Техника жедел және жөндеу персоналын тасымалдауға, далалық жұмыстарды орындауға, сондай-ақ шахта, кеніш және өндірістік алаңдардағы электр жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған.
Автопаркті жаңарту «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарын жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бұған дейін осы бағдарлама аясында компания қызметкерлерді тасымалдау үшін 90 жаңа автобус сатып алған болатын, сондай-ақ кен-тау-шахталық техникасын, өндірістік жабдықты және инфрақұрылымды жаңарту жобаларын іске асыруда.
Техниканың жеткізілуі «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарын жаңғырту бағдарламасының кезекті кезеңі болып табылады. Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне, өндірістік үдерістің сенімділігіне және жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға ерекше назар аудара отырып, көлік құралын, өндірістік жабдықты және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып келеді.
Қазақмыс өндірістің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру үшін техниканы жаңартып жатыр
Фото "Қазақмыс".
-
Еурокомиссия Booking.com платформасын жалған хабарландыруларға байланысты тексереді18:00, 23 қазан 2026
52
-
Эбола індеті бірнеше елде тіркеліп, халықаралық алаңдаушылық туғызды17:30, 23 қазан 2026
59
-
Қазақстанда еріктілер ұйымдарының саны 810-нан асты17:00, 23 қазан 2026
64
-
Павлодар облысында киіктер саны 100 мыңнан асты16:30, 23 қазан 2026
76
-
Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды16:26, 23 қазан 2026
70
-
Ақмола облысындағы үш ауылға орталықтандырылған су жеткізілді16:00, 23 қазан 2026
74
-
Қазақстан ресми статистиканы жинау тәсілін өзгертпек15:30, 23 қазан 2026
75
-
«Мұғалімдер мектептен кетіп жатыр»: Ұстаздардың үнсіз күйреуінің себебі неде?15:00, 23 қазан 2026
615
-
Ливия Қазақстаннан астық пен ет импортын көбейтуді көздейді14:30, 23 қазан 2026
83
-
«Тоқсандық баға дауы»: Мұғалімдер мен ата-аналардың «шайқасы басталды»14:00, 23 қазан 2026
230
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6032
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5859
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4558
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4274
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3882
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3263
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
2973
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
2949
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2789