"Қазақстан "проходной двор" емес": Ауғандағы қандасты әкелудің қажеті бар ма?

"Қазақстан "проходной двор" емес": Ауғандағы қандасты әкелудің қажеті бар ма?
Қоғамда біраздан бері талқыланып жатқан "Ауғанстандағы қазақтарды елге көшіріп әкелу" мәселесіне қатысты белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев өз пікірін ортаға салды деп жазады Democrat.kz.
 
"Қызық ситуация. 300 қазақ Ауғанстаннан Пәкістанға көшіп барады. Ал Пәкістан билігі оларды қабылдамаймыз, келген жағыңа кетіңдер деп отыр.
 
Ауғанстандарыңа көшпесеңдер күшпен көшіреміз депті. Сол кезде олар өздерінің қазақ екені еске түсіпті. Содан біздегі депутаттарға хабарласып ,бізге көшіп келгісі келетінін айтады.
 
Енді ойланып отырмын. Сол қазақтар неге ә дегенде Қазақстан елшілігіне өтініш айтпаған? Пәкістанда тұру жақсы деп дәмеленген сияқты.Олар қабылдамап еді, "запасной ел" Қазақстан бар.
 
Ондай қандас бізге керек пе? Ертең бізде қиыншылық туса қайта көше ме басқа елге?
 
Және ,олардың қазақ екені де беймәлім.
Таламай тұрып , жақсылап түсініп алыңдар.
Қазақстан "проходной двор" емес екенін еске түсіріңдер" деп жазды Сұлтан Сүлеев.
Барлық жаңалықтар