Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемдік қаржы нарығын қайта шайқалтты. Brent мұнайы барреліне 108 долларға дейін қымбаттап, инвесторлар қауіпсіз активтерге ауысқаннан кейін АҚШ доллары соңғы екі аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Democrat.kz.
14 қыркүйектегі саудада Brent бағасы шамамен 3 пайыз өсіп, 108 долларға жетті.
Нарықтағы алаңдаушылық Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мен Ормуз бұғазы маңындағы тасымал проблемаларына байланысты күшейді.
Инвесторлар тәуекелді активтерден АҚШ долларына ауыса бастады.
Нәтижесінде доллар индексі 99,6 пунктке дейін көтеріліп, 2 қыркүйектен бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Еуро бір айлық минимумға дейін төмендеп, бір еуро шамамен 1,153 доллар болды.
Мұнайдың қымбаттауы инфляцияны қайта күшейтуі мүмкін деген қауіп те артып отыр.
Ақша нарығындағы бағалау бойынша, АҚШ Федералдық резерв жүйесінің осы аптада пайыздық мөлшерлемені көтеру ықтималдығы шамамен 90 пайызға жетті. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 60 пайыз шамасында еді.
Энергия бағасының өсуі облигациялар кірістілігін де көпжылдық максимумдарға жақындатты.