Діндар жігітке тұрмысқа шығып қорлық көрген әйел бұрынғы күйеуін заң өкілдері жазалап, науқас ұлының құқығы қорғалуын талап етті деп жазады Democrat.kz. сайты Kyn.kz-ке сілтеме жасап.
“Мен, қоғамнан әділдік пен көмек сұрап отырмын. Мен және менің кәмелетке толмаған ұлым қазір өте қиын жағдайдамыз.
Оқиғаның мән-жайы мынадай:
Бұрынғы күйеуім діни адам бола тұра, заңды түрде АХАЖ-да тіркелуден бас тартып, тек “неке” қиды. Осы некеден бізде ұл дүниеге келді.
Баламыз 1 жасқа толғанда күйеуім баланы күнделікті “Кәлима шаһадатын” жаттауға мәжбүрлеп, үйретпедім деп мені және баланы аяусыз ұрып-соға бастады. Мен баланың кішкентай екенін айтсам да тоқтамады.
Осы зорлық-зомбылықтың салдарынан балам сөйлеуді қойды. Кейін оған аутизм диагнозы қойылды.
Мен зорлықтан қашып, “Ана мен бала” дағдарыс орталығына орналастым. Ұрып-соққаны үшін күйеуіме арыз жаздым, бірақ жергілікті учаскеліктер істің мерзімі өтті деп жауып тастады. Кейін күйеуім “ақша беріп шештім” деп мақтана айтты.Бүгінгі мәселе:
Ажырасқаннан кейін сот менің мүгедектігі бар баламды асырауға айына 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеу туралы шешім шығарды. Бірақ бүгінге дейін ол төлемей, “ шаригатта алимент жоқ” деп толеуден бас тартып жүр”,-дейді ерекше ана.
“Баланың еміне, оңалтуына, арнайы балабақшасына айына 400 000 теңгеден аса жұмсаймын, . Мен жалғыз өзім жұмыс істеп, баламды асырауға тырысып жатырмын.Ата анам да жоқ. Сот орындаушылары "борышкерді таба алмай жатырмыз, 4 млн теңгеден астам қарызы бар, іздеуде" дейді. Бірақ ол еркін түрде Атырау Орал қаласында жүріп жүр. Ешқандай іздеу жүргізілмейді. Заң тек мен үшін жұмыс істемей тұр. Өтінем көмектесіңіздерші”,-дейді ерекше ана Kyn.kz сайтына жазған хатында.