1 қыркүйектен бастап Қазақстанда өндірілген немесе елге әкелінген биологиялық белсенді қоспалардың қаптамасында міндетті Data Matrix коды болуы тиіс. Сатып алушылар код арқылы өнімнің заңды айналымда жүргенін тексере алады, деп жазады Democrat.kz.
Жаңа талап бүгін, 1 қыркүйекте күшіне енді.
Осы күннен кейін Қазақстанда өндірілген немесе импортталған биологиялық белсенді қоспалар цифрлық таңбалаудан өтуі тиіс.
Әр қаптамаға бірегей Data Matrix коды беріледі.
Тұтынушы кодты Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, өнім туралы ақпаратты тексере алады.
1 қыркүйекке дейін шығарылған және қоймалар мен дүкендерде қалған таңбаланбаған өнімдерді жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сатуға рұқсат етіледі.
Бір сәйкестендіру белгісінің шекті бағасы ҚҚС-сыз 2,68 теңге болып белгіленген.
Билік жаңа жүйе жалған және заңсыз өнімдердің айналымын азайтып, нарықтағы тауар қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді деп күтеді.