Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, үсік және қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланған. Ауа райының өзгеруі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден ерекше сақтықты талап етеді, деп жазады Democrat.kz.
Қарашада температураның күрт ауытқуы жолдағы көрінуді нашарлатып, көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін. Әсіресе таңертең және түнде ауа температурасы төмендеген кезде жолдың кей бөліктерінде көктайғақ пайда болу қаупі артады.
Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өтерде көліктің толық тоқтағанына көз жеткізгені жөн.
Ауа райы өңірлерге қарай әртүрлі болатындықтан, сапар алдында жергілікті болжам мен ресми ескертулерді тексеру маңызды.