Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың ақша аударымдарын бақылауға қатысты шекті 1,557 миллион теңгеге дейін көтерді. Бұл өзгеріс қаржылық операцияларды бақылау тәртібіне әсер етеді, деп жазады Democrat.kz.
Ақша аударымдарын бақылау жүйесі азаматтардың күнделікті жеке аударымдарын кәсіпкерлік қызметтен түсетін қаражаттан ажыратуға және күмәнді операцияларды анықтауға бағытталған.
Алайда аударымның өзі автоматты түрде заң бұзушылықты білдірмейді. Операцияны бағалау кезінде оның сипаты, қайталану жиілігі және басқа да тиісті белгілер ескерілуі мүмкін.
Азаматтарға ақша аударымдарының мақсатын растайтын құжаттарды сақтап, жеке қаражат пен кәсіпкерлік табысты мүмкіндігінше бөлек есептеген жөн.