Қазақстан қалаларында бала күтуші қызметінің айлық құны 30 мың теңгеден басталып, толық жұмыс кестесінде 450 мың теңгеге дейін жетеді. Бағаға қаланың өзі, жұмыс уақыты, баланың жасы және күтушінің міндеттері тікелей әсер етеді, деп жазады Democrat.kz.
Kazinform Қазақстанның бірнеше қаласындағы бала күтуші қызметінің нарығын зерттеген.
Баға айырмашылығы өте үлкен: қысқа мерзімді немесе толық емес жұмыс кестесіндегі қызмет ондаған мың теңгеден басталады.
Ал күні бойы баламен болатын тәжірибелі күтушінің айлық ақысы ірі қалаларда бірнеше жүз мың теңгеге жетеді.
Ең жоғары ұсыныстардың кейбірі шамамен 450 мың теңге деңгейінде.
Бағаға тек жұмыс сағаты ғана емес, баланың жасы, отбасындағы балалар саны және қосымша міндеттер де әсер етеді.
Мысалы, тамақ дайындау, баланы балабақшаға немесе мектепке апару, үй тапсырмасына көмектесу және үй шаруасының бір бөлігін атқару ақыға қосылады.
Сәбиге күтім жасайтын мамандардан тәжірибе мен медициналық дағдылар жиі талап етіледі, сондықтан олардың қызметі қымбатырақ болуы мүмкін.