Қазақстан полициясы жыл басынан бері діни-экстремистік идеологияны қылмыстық мақсатта пайдаланған 22 топтың әрекетін тоқтатты. 64 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп жазады Democrat.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл топтардың мүшелері экстремистік идеяларды насихаттаумен ғана шектелмеген.
Оларға есірткі сату, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылған.
Операциялар барысында қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар және 32 келіден астам есірткі тәркіленген.
Министрлік мұндай топтардың кейбірі қылмыстық әрекеттерін діни ұрандармен ақтауға тырысқанын мәлімдеді.
Қазір 64 адамға қатысты қылмыстық істер тергеліп немесе сотқа жолданып жатыр.
Олардың әрқайсысының кінәсі тек соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.