Қазақстанда жүрек ауруларынан болатын өлім бес жылда 35 пайызға азайды

Қазақстанда жүрек ауруларынан болатын өлім бес жылда 35 пайызға азайды

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 35,1 пайызға төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігі оң динамиканы кардиологиялық орталықтардың дамуы және жоғары технологиялық емнің қолжетімді болуымен байланыстырады, деп жазады Democrat.kz.

Министрліктің дерегінше, бес жыл ішінде қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану көрсеткіші де 15 пайызға азайған.

2026 жылдың алғашқы бес айында жүректің ишемиялық ауруы 10,1 пайызға төмендеген.

Жедел миокард инфаркті бойынша көрсеткіш 5,7 пайыз, инсультті қоса алғанда ми қан айналымының жедел бұзылыстары 6,1 пайыз азайған.

Қазақстанда қазір жүрек трансплантациясы, LVAD жүйесін имплантациялау, MitraClip секілді күрделі кардиохирургиялық ем түрлері қолданылады.

Министрлік нәтижеге инсульт және кардиология орталықтарының желісін дамыту, жедел жәрдем қызметін жетілдіру, профилактикалық тексерулер және дәрі-дәрмек қолжетімділігін арттыру әсер еткенін хабарлады. 

Барлық жаңалықтар