Қазақстандық жасөспірім аялдаманы сындырды: шығынды ата-анасы өтейді

Қазақстандық жасөспірім аялдаманы сындырды: шығынды ата-анасы өтейді

Астанада жасөспірім аялдама павильонының әйнегін теуіп сындырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция оны бейнебақылау арқылы анықтап, профилактикалық есепке қойды, ал келтірілген шығынды ата-анасы толық өтеуге тиіс, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Астанадағы Бөгенбай батыр даңғылында болған.

Жасөспірім аялдаманың шынысын аяғымен теуіп сындырған. Оның әрекеті қалалық бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиғадан кейін жасөспірім сол жерден кетіп қалғанымен, полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады.

Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.

Полицияның мәліметінше, бүлінген коммуналдық мүліктің құнын оның ата-анасы толық өтеуге міндетті. 

Барлық жаңалықтар