Қазақстандықтар кейбір несиеден 14 күн ішінде бас тарта алады

 Қазақстандықтар кейбір несиеден 14 күн ішінде бас тарта алады

Қазақстанда қарыз алушылардың құқығын күшейтетін жаңа талап енгізілмек. Кейбір несие түрлерін рәсімдеген азаматтар 14 күн ішінде шешімінен бас тартып, айыппұл төлемей келісімді тоқтата алады, деп жазады Democrat.kz⁠.

Жаңа талаптар қаржы ұйымдарының өнімдерді ұсыну тәртібін өзгертеді. Ереже қазан айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланған.

Негізгі жаңалық — клиентке несие рәсімдегеннен кейін өз шешімін қайта қарауға мүмкіндік берілуі. Белгілі бір қаржы өнімдері бойынша азамат 14 күн ішінде қарыздан бас тарта алады. Бұл үшін оған айыппұл немесе қосымша санкция салынбауы тиіс.

Сонымен қатар қаржы ұйымдары клиенттен өнімнің маңызды шарттарын, оның нақты құнын немесе ықтимал тәуекелдерін жасыра алмайды. Қарыз алушы келісімге дейін өзінің қандай міндеттеме қабылдап отырғанын түсінуі керек.

Өзгерістің негізгі мақсаты — азаматтарды асығыс қабылданған қаржылық шешімдерден және түсініксіз несие шарттарынан қорғау. 

Барлық жаңалықтар