Қазақстанға суық циклон келе жатыр: кей өңірлерде нөсер, бұршақ пен дауыл күтіледі

Қазақстанға суық циклон келе жатыр: кей өңірлерде нөсер, бұршақ пен дауыл күтіледі

27–29 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік циклон жаңбыр, нөсер, бұршақ және екпінді жел әкелсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық әлі де +37 градусқа дейін сақталады, деп жазады Democrat.kz.

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған болжамын жариялады.

Солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағының басым бөлігіне әсер етеді.

Жекелеген өңірлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Батыс Қазақстанға Скандинавиядан келетін антициклон әсер етіп, мұнда жауын-шашын аз болады.

Сонымен бірге температура аймақтарға қарай қатты ерекшеленбек. Батыста күндіз +16…+24 градус, солтүстікте +12…+20, орталықта +17…+25 градус болады.

Шығыста ауа температурасы +23…+30 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталып, кей жерде +37 градусқа жетеді.

Синоптиктер бұған дейін 2026 жылғы маусым мен шілденің жиынтығы Қазақстанда 1941 жылдан бергі бақылау тарихындағы ең ыстық жаздың басталуы болғанын хабарлаған. 

Барлық жаңалықтар