"Қолынан жұлып алды": Қайрат Нұртастың әйлінің әрекеті жұртқа жаға ұстатты

"Қолынан жұлып алды": Қайрат Нұртастың әйлінің әрекеті жұртқа жаға ұстатты

Таяуда ғана кішкентай қыздары Рәбия-Сұлтанның тұсаукесер тойын жасаған Айдарбековтардың тойдағы түрлі видеолары желіде тарауда. Сондай видеоның бірінде Жұлдыз Әбдікәрімованың енесі Гүлзира ханымның қасында жасаған әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Видеода тойдағы сәттерінде Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға сыйлық ұсынып: "Таза інжуден жасалған жинақты келініме беремін. Ал Рәбия-Сұлтан қызымызға 1 миллион теңге сыйлығымыз бар", - деп сыйлығын беруге ыңғайланады. 

Осы сәтте енесінің қолындағы сыйлықты жұлып алғандай болған Жұлдыздың жұрт алдындағы әрекеті көпшілікке жақпай қалды. 

"Масқара, осы енесінің арқасында ғой бәрі", "Жұлдыз енесінің қолынан жұлып алғаны несі", "Жұлдыздың бұл тірлігі ұят қой", "Гүлзира мықты ене ғой, басқа болса, аямас еді" дегенге саятын пікір жазған жұрт беттерін шымшуда. 

Барлық жаңалықтар