Ресейде адам құлағы естімеген сұмдық жағдай болып жатыр деп жазады Democrat.kz. сайты Нұргелді Әбдіғанидың жазбасына сілтеме жасап.
"Әйелдер тақырыбы бізде ғана емес, Ресейде де күйіп тұрған тақырып. Ресейде соңғы жылдары «қара жесірлер» деген әйелдердің жаңа сорты пайда болған.
«The Wall Street Journal» былай деп жазады: «Ресейдегі әйелдер соғысты бизнес көзіне айналдырып алды. Олар күйеулері соғыста өлгені үшін өкіметтен өтемақы алуға дәндеді. Тіпті көп жағдайда өтірік неке жасатып, ақша табуға машықтанған», - дейді.
Бір ғана мысал: Ресейде Катя деген бір әйел Сергей деген біреумен некелеседі. Некелескеннің ертесі күні әлгі Сергей селпеңдеп, соғысқа аттанып кетеді. Ал олардың үйленгенін ешкім естімеген, көрмеген, білмеген. Некелесу рәсіміне бір адам ғана қатысады.
Сөйтіп жүріп, көпке ұзамай Сергей соғыста өледі. Ал әлгі әйел «күйеуім өлді» деп өкіметтен 200 мың доллар өтемақы алған. Кейін мұны естіген Сергейдің туыстары шу шығарған.
Ол «қайдан шыққан әйел, естіген, көрген жоқпыз» деп шулаған. Ең қызығы Сергейдің әлгі жесірінің өзге күйеуі, бала-шағасы бар болып шығады.
Бұл кәдімгі алаяқтық. Ресейде қазір осындай алаяқтардан аяқ алып жүре алмайтын болған. «Wall Street Journal» оларға – «қара жесір қатындар» деген ат айдарлапты. Ресейде өлген сарбазға төленетін өметақы шені мен лауазымына қарай 180-200 мың долларға дейін барады.
Көп сарбаз қаза тапқан һәм тауып жатыр. Олардың дені Ресейдің өңір-өңірлерінен. Көбісі кедей аймақтар мен деревнялардан. Жаңағы 180-200 мың доллар үшін сол кедей өңірлердің халқы бір-бірлерімен қырылып, соттасуда. Өлген орыс сарбазының әкесі мен шешесі, атасы мен апасы, бауыры мен қатыны т.б. сүйекпұлға таласуда.
Схема қарапайым. Соғысқа аттанған еркекті тауып, шартты некеге тұрады. Содан оның соғыста өлгенін тілеп жатады. Өлді дегенді ести сала, өтемақыға 8 млн рубль сұрап жетіп барады.
Өлексемен қоректенетін құзғындар бар ғой. Қазіргі Ресейдің қатын-қалашы сол құзғынға айналып отыр" деп жазады Нұргелді Әбдіғани.