Танымал спортшы әрі қоғам белсендісі Сабина Алтынбекова Ақтөбедегі мешітте орын алған даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бейәдеп ұсыныс естіген бойжеткенге қолдау көрсетті. Ол сондай-ақ бойжеткенді айыптағандарды сынға алып, мұндай жағдайда қыздың емес, ер адамның әрекеті сөз болуға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Democrat.kz Todayinfo сайтына сілтеме жасап.
«Осындай жағдайда өз басым болсам, жай ғана видеоға түсіріп қоймай, қолымнан келгенше қарсы тұрар едім. Қызды емес, оған тиіскен адамды сынау керек. Өзін “нағыз еркекпін” дейтіндер қызды емес, дінді бетперде етіп, оны кінәлауға көшкен. Бұл Ауғанстан емес қой! Осындай жайттарда кінәліні емес, жәбірленушіні жазғырудан қашан арыласыңдар?!» – деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.