"Сағынышымды осылай жеткізейінші" деді Мөлдір Мұқанова

"Сағынышымды осылай жеткізейінші" деді Мөлдір Мұқанова

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы бір әнді айтып, жұрттың баға беруін сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Өнер жүректің сыры, көңілдің үні. 
Туған жерге деген сағынышымды, бала күнгі бал дәурен естеліктерімді осы ән арқылы жеткізгім келді.

“Бұл өлке біздің ауыл”- кеудемді кернеген сағыныштың, ұшырған үміттің, балалықтың тәтті елесіндей. Өлеңнің әр жолынан махаббат көремін.

Көз алдымнан кең дала, туған жердің ыстық топырағы мен тұлпар жүгірткен бозбала шаққа сапар шеккендей күй кешемін.

Осы әнді орындап көруге жүрек түбіндегі терең сағыныш түрткі болды. Даусым кәсіби болмаса да, әнге деген сезімім шынайы. 

Өйткені бұл менің жүректен шыққан шынайы үнім. 
Қатты сынамаңыздар. Бастысы ниетім таза. Осы ән менің сағынышымның ішкі сазы деп түсініңіздер …" деп жазды Мөлдір Мұқанова. 

Барлық жаңалықтар