"Сені сағынғаннан емес..." деген Ынташ Наурызова әкім Нұрдәулет Қилыбаевқа арнап жазба жариялады

"Сені сағынғаннан емес..." деген Ынташ Наурызова әкім Нұрдәулет Қилыбаевқа арнап жазба жариялады

Экс-депутат Ынташ Наурызова ТикТок парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.

"Ең болмаса, бізді елдің талқысына жалғыз қалдырмай, қиыншылықтан алып шықшы деп едім. Ақыры өзімшілдігің бізді осы күнге жеткізді Нұрдәулет...

Сені сағынғаннан емес, саған сенгенім үшін көз жасым құрғар емес" деп жазды Ынташ Наурызова. 

Экс-депутаттың бұл жазбасына қатысты "мынадай адамды әкімдіктен қуып жіберу керек", "үйіндегі әйелінен қорқады, ел алдына шығуға қорықпайды", "дәл солай, мұндайлар ұлт үшін не істер дейсің?", "қызметінен қуу керек мұндай жауапкершілігі жоқтарды" деген сыңайда пікір жазуда. 

Еске салып өтейік, экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевтан ұл туғанын дәлелдей алмай жүргені туралы бұған дейін де жазған болатынбыз. 

Барлық жаңалықтар