Шахтинскіде ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытты: 35 адам эвакуацияланды

Шахтинскіде ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытты: 35 адам эвакуацияланды

Шахтинскідегі көпқабатты үйде мас ер адамның газ баллонын жарып жіберемін деген қоқан-лоқысы тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға әкелді. Қауіпсіздік үшін подъезден 35 адам шығарылды, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Карл Маркс көшесіндегі үйлердің бірінде 2 қыркүйек кешінде болған.

Алғашында полицияға пәтердегі тыныштықтың бұзылғаны туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары келген кезде 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқыта бастаған.

Қауіпсіздік мақсатында үйдің 35 тұрғыны сыртқа шығарылды. Полиция ер адаммен сөйлесіп, біраз уақыттан кейін ол есікті өзі ашқан.

Тексеру кезінде пәтерден газ иісі байқалмаған. Ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Барлық жаңалықтар