"Шешем "зорлады" деп әкеме жала жауып, соттатып жіберді" деген азамат халықтан көмек сұрады

"Шешем "зорлады" деп әкеме жала жауып, соттатып жіберді" деген азамат халықтан көмек сұрады

Алматы облысының азаматы Еркінов Ербол әлеуметтік желіде әділдікті талап етіп, халықтан көмек сұрап, арнайы видео-үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.

Еркінов Ерболдың айтуынша, өз анасы әкесіне жала жауып, өмір бойына соттатып жіберген. 

"Шешем әкеме жала жапты. Әкемнің ондай адам емесін бүкіл ел біледі. "Қызын зорлады" деген жаламен шешем өз күйеуін, менің әкеме өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын арқалатып жіберді. Сотта ешқандай дәлел ұсынылмады. Соған қарамастан, сот әкеме өте ауыр жаза кесті. Құрметті халайық, көмек беріңіздерші! Әкем жазықсыз сотталып кетті", - деген Еркінов Ербол әділдік таппай жүргенін жеткізді. 

  

Барлық жаңалықтар