"Шұғыл шешілуге тиіс мәселе": Жұлдыз Сүлейменова өңір басшыларын жинады

"Шұғыл шешілуге тиіс мәселе": Жұлдыз Сүлейменова өңір басшыларын жинады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің барлық өңіріндегі бала құқықтарын қорғау басқармаларының басшыларымен арнайы кеңес өткізді. Жиында балалардың қауіпсіздігі, олардың құқығын бұзу жағдайларының алдын алу және жауапты органдардың жұмысын күшейту мәселелері көтерілді, деп жазады Democrat.kz.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Жұлдыз Сүлейменова балаларға төнетін қауіп-қатерді дер кезінде анықтау, шағымдарға жедел әрекет ету және жауапты мекемелердің өзара байланысын күшейту қажеттігін атап өткен.

Сондай-ақ баланың құқығы бұзылғаннан кейін ғана шара қолданбай, мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу мәселесі талқыланған.

Алайда қоғам үшін маңызды сұрақ бар: балалардың қауіпсіздігі туралы кеңестер мен тапсырмалар мектептердегі нақты жағдайды қаншалықты өзгертіп жатыр?

Әсіресе мектептегі буллинг, оқушыларға психологиялық қысым көрсету және ата-аналардың шағымына немқұрайды қарау мәселелері күн тәртібінен түспеуге тиіс.

Бала қауіпсіздігі қағаз жүзіндегі есеппен емес, әрбір мектептегі нақты жағдаймен өлшенуі керек.

Барлық жаңалықтар