Бірнеше күннен бері үздіксіз видео жариялап отырған Зәуреш Жұман атты келіншек "Дикий Арманның" бірінші әйелі өз болғанын және отбасылық құпияларын жариялады деп жазады Democrat.kz.
Зәуреш Жұманның айтуынша, "Дикий Арман" ең бірінші некесін өзімен қиған көрінеді.
"Мен Арманның бірінші әйелі болдым. Менен кейін Айша, сосын қырғыздың қызы Айкөл болды. Екінші курста оқып жүргенімде, Арман мені алып қашты.
Тойымыз салтымызға сай өтті. Беташар, неке қию, бүкіл дәстүрлеріміз орындалды.
Сол кезде шымкенттіктер тіпті "Арман бұл әйелді есеппен алды. Ірі кәсіпкердің қызы екен"деп әңгіме де айтқан.
Алайда біз Арман екеуіміз шынайы махаббатпен үйленген едік. Екеуіміз бір шаңырақтың астында екі жыл өмір сүрдік.
Алайда кейін ол елден қашуға мәжбүр болды да, екеуіміздің жолымыз екіге айырылды.
Кейінірек мен екінші рет тұрмыс құрып, балалы болдым. Бір күні екеуіміз күтпеген жерден кездесіп қалдық.
Сол сәтте арадағы сезімдеріміз қайта тұтанып, ол сол кезде "егер сен қаласаң, ұлыңмен бірге алып кетемін. Маған ешкім кедергі бола алмайды"деген еді.
Біз әлдебір есеппен емес, шынайы махаббатпен үйленгенбіз", дейді Зәуреш Жұман.