11 жасар қызға ер адам ұятсыз смс жазған

11 жасар қызға ер адам ұятсыз смс жазған

Таразда Жаңа адамдардың “124” азаматтық науқаны әлеуметтік желіде кезекті экспериментін жүргізді. Осылайша олар “Sergen Polk” атты жалған аккаунтпен жасырынған ықтимал педофилді әшкереледі. Ер адам 11 жасар қызбен интимдік байланыс орнатуға тырысқан деп жазады Democrat.kz. Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Белсенділер педофилді анықтау үшін алдымен 11 жасар қыздың атынан аккаунт ашқан. Алғашқы сәттен-ақ профилге лүпіл мен түрлі хабарламалар келген. Жазған адамдардың басым бөлігі ересектер. Бір қызығы оларды қыздың жасы қызықтырмаған. Тіпті олар балалармен сөйлескен ұнайтынын ашық айтқан. 

Олардың арасында “Sergen Polk” атты жалған аккаунт иегері ерекше табандылық танытып, бала екенін біле тұра хабарлама жазып, ұятсыз стикерлер жіберген. Сондай-ақ ересектер туралы әңгіме қозғап, онда тұрған ештеңе жоқ екенін айтқан. Сосын кездесуге шақырып, оның құпия қалуын талап еткен. Ересек ер адам кездесуге келген кезде оны белсенділер күтіп алған. Осылайша ықтимал педофил тергеу жұмыстары үшін құқық қорғау органдарына жеткізген. 

Барлық жаңалықтар