Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында некеге тұру және ерте жүктілік мәселесі әлі де өзекті. Жасөспірімдердің жүкті болу деректері әсіресе елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жиі тіркелуде деп жазады Democrat.kz.
Ranking.kz дерегіне сүйенсек, жасөспірім қыздар арасындағы босану деректері жөнінен Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облысы өңірлері көш бастап тұр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 15–19 жас аралығындағы әр 1000 қыздың шамамен 13-і (12,96) ана атанған. Қала мен ауыл арасында айтарлықтай айырмашылық бар: қалалық жерде әр мың қыздың 10-ы босанса, ауылдық жерде бұл көрсеткіш 16–17-ге дейін жетеді.
Жасөспірімдер арасындағы босану көрсеткіші:
Жамбыл облысында – 1000 қызға шаққанда 20 жағдай;
Маңғыстау облысында – 19 жағдай;
Түркістан облысында – 18-19 жағдай тіркеледі.