50 млн теңге үшін үйленген: Маңғыстауда әскери қызметкер 6 жылға сотталды

50 млн теңге үшін үйленген: Маңғыстауда әскери қызметкер 6 жылға сотталды

Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметінің 45 жастағы аға жедел уәкілі Алмат К. алаяқтық ісі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады Democrat.kz.

Сот нұсқасына сәйкес, әскери қызметкер тұрғын үй төлемін көбірек алу үшін отбасы құрамын ұлғайтуды шешкен.

Ол әйелінің ағасының жұбайына 3 млн теңге үшін жалған некеге тұруды ұсынған. Төрт бала тәрбиелеп отырған әйел бұған келіскен. Өз жұбайларымен ажырасқаннан кейін олар некесін ресми түрде тіркеген.

Алмат К. тұрғын үй комиссиясына жаңа жұбайының төрт баласына қатысты құжаттарды тапсырған. Бірнеше айдан кейін оған 50 млн теңге төленген.

Ақшаны алғаннан кейін ер адам пәтерді бұрынғы әйелінің ағасынан сатып алған. Көп ұзамай 50 млн теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның басқа банктегі есепшотына аударылған. Әйел өзіне уәде етілген 3 млн теңгені алған.

Алмат К. өз кінәсін мойындамаған. Ол әйелмен чатта танысқанын, араларында сезім пайда болғанын және некенің шынайы болғанын айтқан. Сондай-ақ ер адам алған тұрғын үй төлемін заңды деп есептеген.

Әйел сотта айыпталушымен жақын қарым-қатынаста болмағанын, бірге тұрмағанын және некенің жалған болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, некені рәсімдеуге оны әскери қызметкердің өзі үгіттеген.

Барлық жаңалықтар