Абай Бегей бір видеосымен мыңдаған кісіні жылатты

Абай Бегей бір видеосымен мыңдаған кісіні жылатты

16 жаста тұрмыс құрып, кеше босанған қызы Сымбатты көруге перзентханаға барған әнші Абай Бегей оқырмандарын жылатты деп жазады Democrat.kz.

Перзентханаға келіншегімен бірге барған Абай Бегейдің әрекеті жұрттың жүрегін елжіреткені сондай, көбі "мына видеоға қарап, жылауымды тоқтата алмай отырмын" дегенге саятын пікір жазуда. 

"Жиен немеремізді алғаш көрген сәтіміз.

Көзден аққан жас қуаныштың,таза махаббаттың,перзент бақытының жасы .

Тақсыр есіктен кірер сәтте қатты қобалжып “ Симбиімнің өзі бөпемғоой менің,уже Ана атанып жатырмаа “- деп сене алмай біраз тұрды.." деп жазды Абай Бегейдің әйелі Фариза. 

Абай Бегей өзін қарсы алып, алдынан шыққан жақындарына да, тіпті құдағиына да назар салмай, сонау жерде сәбиін құшақтап отырған қызының жанына құстай ұшып жетті. 

Көзінен тамған ыстық жасын саусақтың ұшымен іліп тоқтатқан Абай Бегейдің әкелік мейірімі, қызына мейірлене қараған көздері жұрттың жүрегін қозғап өткендей. 

Барлық жаңалықтар