Әнші Абай Бегейдің 16 жаста тұрмыс құрған қызы Сымбаттың енесі Ақмарал құдағи әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Бүкіл әлеуметтік желі Абай Бегейдің қызы Сымбаттың хиджабын шешіп, шашын жайып шыққан кейпін сынап жатқанда, енесі: "БОТАҚАНЫМНЫҢ ДЕБЮТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРСІН!
Бүгін ЖАҢА КЛИП шықты. Тамаша!
ҚҰДАМЫЗДЫ, ҚҰДАШАЛАРЫМЫЗДЫ ДА ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Өте керемет шыққан.
БҰЛ ТЕК ҚАНА БАСЫ. Менің Ботақанымның жетер жетістігі әлі алда. Потенциалы жетеді.
Биіктерден көрініп, жетістіктерге жете бер жаным! Тіл-көзден аман бол.
Біз сені әрқашанда қолдаймыз! Қорғаймыз! Мақтанамыз!
Сіздер де менің Ботақаныма қолдау ретінде күшті, керемет, мотивациялық тілектеріңізді жазып кетіңіздерші. Әлі кішкентай ғой. Бұндай кезде тек қолдау керек. Болашағы жарқын болсын!"деп ақжарма тілегін жаудырып, жұрттың ықыласына бөленді.