Абай Бегейдің құдағиы жылап қалды

Абай Бегейдің құдағиы жылап қалды

Танымал әнші Абай Бегейдің құдағиы Ақмарал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

"Мен көп жыламаймын, жылағанды жек көрем. Бірақ бүгін шын жүрегіммен тілек айтқаннан кейін көзімнен қалай жас шығып кеткенін байқамай қалдым. Көзімнің жасына ерік бердім.

Себебі осы 6 жылда БАЛАПАНЫМА бауыр басып қалыппын, жүрегімнің бір бөлшегі кетіп бара жатқандай сезімде болдым. Туған Қызым тұрмысқа шыққанда да бұлай жыламаған сияқтымын. Сөйлеп тұрғанда барлық нәрсе есіме түсіп кетті.

 Бірінші танысқанда кіп-кішкентай балапан сияқты алдымнан жүгіріп шыққаны, үйге келін болып алғаш келгені, еркелегені, ойымыздың бір жерден шығатыны, ең алғаш бала босанып, Ана атанып, бізді Ата-Әже қылғаны, келін алүанда қасымда жаныма жалау болып жүгіріп жүргені, еркелеп күлгені, барлығы, барлығы.

 Ол менен біраз затты үйренсе, мен де одан бірталай нәрсені үйреніппін. Бұл қуаныштың, ризашылықтың, қимастықтың жасы шығар. Жандарым сол. Бақытты болыңдар. Біз сендерге РИЗАМЫЗ" деп жазды Ақмарал Қонақбаева.

Абай Бегейдің қызы Сымбаттың енесі Ақмаралдың бұлай жылауын біреулер "жасандылық" десе, енді біреулер "керемет ене" деп сүйсініп жатыр. 

 

 

Барлық жаңалықтар