Таяуда ғана сәбилі болған әнші Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза перзентханадан шығып үйіне келді. Өгей аналарын қарсы алған Абай Бегейдің бірінші некесінен туған балалары қойылым жасап, жұртты жылатты деп жазады Democrat.kz.
Екінші шешелері Фариза Бегейдің перзентханадан шығуына арнап, үйлерінде арнайы дайындалған Абай Бегейдің қыздары есіктен кірген өгей аналарын әнмен қарсы алды.
Қолдарына бірдей гүл ұстаған Абай Бегейдің барлық баласы қалықтата ән шырқап, Фаризаны салтанатты түрде қарсы алды.
Мұндай тосын сыйға дайын болмаса керек, абдырап қалған Фариза Бегей көз жасын тоқтата алмай, жылады.
Видеоны көрген жұрт та мына көрініске көңілдері босап, жылап алғандарын айтуда.