"Әділет" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

"Әділет" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

Жақында құрылған "Әділет" партиясы мемлекеттік ресми тіркеуден өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта "2026 жылғы 1 маусымда "Әділет" партиясы ҚР заңдарына сәйкес, Әділет министрлігінде ресми тіркелді. 

"Әділет" партиясы түрлі сала мамандарынан жасақталған, еліміздегі саяси ұйымға айналды. Партия қатарында қарапайым жұмысшы да, мұнай саласының мамандары да, шахтер де, спортшы да, кәсіпкерлер де бар.

«Әділет» партиясы – жаңа конституциялық құндылықтарды ұстанатын, парасат пен прагматизмге сүйенетін саяси күш. Біз Президенттің стратегиялық бағытының институционалдық тірегі болып, жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді қоғамда өзгеріс жасай алатын күшке айналдыру үшін жұмыс істейміз және соған жауапты болуға дайынбыз.

Жаңа Конституция елдің алға нық қадам басуына сеп болатын мығым саяси-құқықтық негіз қалыптастырды. Алайда ең мінсіз деген жүйенің өзі жасампаз қуатқа толы әрекетке ұласқанда ғана өміршең болады.

«Әділет» партиясы маңызды мемлекеттік шешімдердің бәрі қоғамның сұранысын, заң үстемдігі мен ел мүддесін ескеріп, ақыл мен парасатқа сүйенген эволюциялық даму жолын қолдайды",деп көрсетілген.

 

 

 

Барлық жаңалықтар