Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық үйінің ішінде не бары мәлім болды

Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық үйінің ішінде не бары мәлім болды

Тұңғыш Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваға қатысты Лондонда даулы үй қайтадан сатылымға шықты деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын Лондондағы сән-салтанатты особняктың фотосуреттері тарады.  

Үй қанша тұрады?

Құны 10,5 миллион доллар болатын зәулім үй бірнеше жылдан бері сатылымда тұрғанымен, оған әлі күнге дейін сатып алушы табылмаған.  

Үй Лондонның беделді ауданы - Denewood Road көшесінде, Highgate гольф-клубының маңында орналасқан. Жалпы аумағы 765 шаршы метр. Ішінде 7 жатын бөлме, 6 жуынатын бөлме, бассейн, бильярд залы және қысқы бақ бар. Фотосуреттерден қазақтың кілемдері мен көрпешелері байқалып, бұл әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.  

Аталған жылжымайтын мүлік алғаш рет 2022 жылдың наурыз айында, Қаңтар оқиғаларынан кейін сатылымға шығарылған. Сол кезде оның бағасы 11,8 миллион доллар болған. Кейін құны 10,5 миллион долларға дейін төмендетілді.

Барлық жаңалықтар