Айбардың әкесі сұхбат берді: Марқұм Айзатты атпен емес, мотоциклмен сүйреген бе?

Айбардың әкесі сұхбат берді: Марқұм Айзатты атпен емес, мотоциклмен сүйреген бе?

Жетісу облысындағы сұмдық оқиға туралы күдік-күмән дүниелер басылар емес. "Атпен сүйреп өлтірілді" деген марқұм Айзат туралы қайын атасы Журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді деп жазады Democrat.kz.

"Келініме тағатын ешқандай кінәм жоқ. Баламнан сұрасам, "осылай боп қалды" дегеннен басқа ештеңе айтпайды. 

"Келінімді атқа байлап, сүйреп өлтірді" деген блогерді сотқа беремін. Біз шылым шекпейтін, арақ ішпейтін адамдармыз. 

22 шілде күні балам 10 литр сыра әкелгені туралы да хабарым жоқ. Ұлымның артынан бармадым. Қолымен істегенді, мойнымен көтерсін. Адвокат та жалдамадым. 

Сол күні таудан жылқыны айдап келген. 16-00 шамасында аттарды жіберіп, тамақтанып, үйде жатады.

Сол күні мотоциклмен ауылға барып келді дейді, білмеймін...

Атпен сүйреді дегенге сенбеймін. Не де болса, сот сараптамасында белгілі болады ғой" дейді Айбардың әкесі.

Осы видеоның астында пікір жазғандар ат емес, бәлкім мотоциклмен сүйреді ме екен деген күмәнді ойларын ортаға салуда. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар