Қызметін атқару барысында үстіне кондиционер құлап, қаза тапқан астаналық фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл ақпарат бүкіл әлеуметтік желіні шулатып жіберді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде марқұм Ұлдананың күйеуінің жаңа қалыңдығының ұзату тойынан видеолар тарады. Осыған байланысты екі жұпты танитындар өздері білетін ақпаратпен бөлісіп, әлеуметтік желіде түрлі нәрселер жазылуда.
Желі қолданушылардың бірі марқұм Ұлдананың күйеуі тараздық Жұлдыз есімді әйелінің құрбысына үйленіп жатқан көрінеді.
Ал келесі бір желі қолданушы:
"Мына қыз бұл ұзату тойда аяғы ауыр. Ішіндегі баласы 2 айлық. Сол себепті тез жасап жатыр. Қыз бұған дейін де 2-3 жігітпен жатып қойған. Әділет Ұлдана қайтыс болған кезде әкімдік берген 20 миллион теңге мен Ұлдана өзі алған Чанган автокөлігін иемденіп алған. Ұлдананың әке-шешесіне бір тиын да бермей, қалтасына басып алған. Өтірік қайғырып жүрді. Оның ойы тек ақша мен осы көлік болған. Үйленген қызы Ұлдананың жақын құрбысы және әріптесі болып келеді", - деп жазды.


