Айгүл Иманбаеваның күйеуі үшін жұрт өазара қырылып қала жаздады

Айгүл Иманбаеваның күйеуі үшін жұрт өазара қырылып қала жаздады

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен бірге видео жариялап, жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Күйеуі екеінің көлікпен кетіп бара жатқан видеосын жариялаған Айгүл Иманбаева: "Стористе айтқанымдай, машинаны Америкада адам емес, робот жүргізеді.

Әлем біз ойлағаннан да жылдам өзгеріп жатыр. Болашақ есік қағып тұрған жоқ, ол әлдеқашан келіп қойған...

Бізге де ғылым мен білімге, ең бастысы — ішкі руханиятымыз бен санамыздың оянуына ұмтылу керек. Себебі кез келген жаңа даму ішкі толығудан басталады", - деп жазба жариялаған. 

Алайда әншінің кей оқырмандарына әншінің күйеуінің түрі ұнамай қалса керек, "күйеуінің түрі біртүрлі екен" дегенге саятын жағымсыз пікір жазды. 

Әйтсе де, актрисаның оқырмандары бұндай пікір жазғандарға "күйеуінің түрін суға езіп ішесіңдер ме, не шаруаларың бар" деп қарсы жауап жазып, оқырмандар өзара сөзге келіп қалды. 

Барлық жаңалықтар