Танымал бизнес коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қалай банкрот болғаны туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі сторисінде "банкрот болдым" деп басталатын суреттерімен бөлісті.
Бизнес коуч бір кездері кәсіп бастаймын деп қалай қиналғанын, қандай кедергілерден өткенін, тіпті банкрот болғанын да айтады.
Алайда табандылығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында қазіргі керемет өміріне қол жеткізгенін айтқан Айнұр Тұрсынбаева ешқашан жарты жолдан бұрылып кетпеу керегін айтады.



