Белгілі коуч Айнұр Тұрсынбаева өзіне әлеуметтік желіде жазылатын пікірлерге жауап беріп, соның ішінде ерекше бір жазбаға тоқталды деп жазады Democrat.kz.
Айнұр Тұрсынбаеваның бір оқырманы оның тікелей эфирінде "мынау сүмелек, сақауға не жоқ" деп жазыпты.
Дулатбеков деген адамның жазған осы жазбасына айнұр Тұрсынбаева: "Сүмелек деген не, Әсем? Білмейміз, иә? Бізге білудің керегі де жоқ. Ал мынау кісі біледі екен.
Сақау деген ол сөзі түсініксіз адам. Менің сөздерім түсініксіз бе? Түсінікті иә? Сендер түсінсеңдер болды. Маған Дулатбековтің түсінгені маңызды емес" деп оқырманын бұғаттап тастады.