Продюсер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Бақытбек Есентаевтың қызы Айсәуле Бақытбекқызы бір кездері басынан өткен ауыр жағдай туралы айтып, сұхбаттасына сұрақ қойды деп жазады Democrat.kz.
Айсәуле Бақытбекқызы түрмеде отырып шыққан Лилия Рахтан сұхбат алу барысында өз басынан өткен ауыр жағдайды айтты.
"Әкем түрмеде отырған кезде менің күнде түрмеге келуімді сұрайтын. Ал мен үшін түрмеге күнде бару өте қиын және жаныма бататын.
Күні бүгінге дейін мен ол күндерді жүрегім ауырып есіме аламын. Бәлкім еркектердің түсінігі басқаша шығар, кім білсін. Түрмеге баласының келуін барынша шектеу керек емес пе еді" деген Айсәуле Бақытбекқызы түрмеге әкесін іздеп барудың адам жанына үлкен жара салатынын айтады.