Танымал блогер Жан Ахмадиев желідегі парақшасында адамның төбе шашын тік тұрғызатын сұмдық жағдай туралы ақпаратпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Жан Ахмадиев өзімен арнайы сұхбаттасқан Анаргүл атты кейіпкердің басынан өткен сұмдық жағдайды баяндап: «Бүгін мен сіздерге өте ауыр жағдай туралы айтқым келіп отыр. Анаргүлдің пайымдауынша, оны туған қайын атасы, 65 жасар қария Ерболат Емілқазы деген азамат зорлаған екен», деді.
Қайын атасынан қорлық пен зорлықты қатар көрген Анаргүл басынан өткен бұл сұмдықты қиналса да, барынша ашық жеткізуге тырысты.
«Жүрегім бірдене сезгендей. Көзімді ашсам, бүйтіп қарап тұр екен. Бас салды. Содан кейін не істемекшісіз деп айттым. Ол кісіні қайын ата деп айтпайтынмын "әке" деп айтатынмын. Әке, не істемекшісіз дедім.. "Ұлым бар кезде ұлым ойнайды. Ұлым жоқ кезде мен ойнаймын" деп . Үстімдегі киімдерді шешіп. "Әкем, менің аяғым ауыр ғой, ұялмайсыз ба, үлкен басыңызбен ұялмайсыз ба? Әкемдей адамсыз ғой "десем. Содан тиісіп бүкіл жерімді аймалап, киім бәрін сыпырып, шешіп, әкеммен кәдімгейдей арпаластым, намыстандым. Осындай, отбасыға келін болғаныма намыстандым. Аяғым ауыр екеніне де қарағам жоқ. Қашып шықтым», дейді Анаргүл.
Оқиға әрі қарай қалай өрбігенін жалғастырған Анаргүл:
«Іш киімді шешіп тиіскен кезде, кәдімгідей намыстандым. Оны бар күшіммен итеріп жібердім, қашып шықтым. Қашып шығып айғайлайын десем даусым шықпайды, даусым шықпай қалды. Моншаға кіріп есікті құлттап отырдым, жыладым. Күйеуім мені қорғай алмағанына. Намыстандым, Неге осындай семьяға келін болдым екен деп. Ол оянған кезде айттым, неге ұялмайсыз, недеген арсыз едіңіз? - деп айттым. Әке деп сыйласам, маған бүйтіп қорлық көрсеткеніңіз не. Үстіңізден арыз беремін дедім», — деп мәлімдеді келіншек.
Сонымен қатар, ол өзіне және балаларының өміріне қауіп төніп, қоқан-лоқы жасалғанын жеткізді.
«Балаларымды, кішкентайымды киіндіріп жатқанмын. Содан біраздан кейін, бетімді жуып жатсам, содан соң осы арқамнан кеп, маған пышақ тақап, осыдан біреуге айтатын болсан, екі балаңмен қосып өлтіріп, көміп тастаймын. Сені сосын ешкім таппайды деп қорқытты" дейді Анаргүл.