"Әкеміз тастап кетті": "Байтақ" партиясының өкілі баласының мәлімдемесіне жауап берді

"Әкеміз тастап кетті": "Байтақ" партиясының өкілі баласының мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстандағы "Байтақ" партиясының өкілі Әлібек Қуаныш баласы жасаған мәлімдеге қатысты өз пікірін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Әлібек Қуанытың баласы әкесінің "Байтақ" партиясына қызмет ететінін алға тартып, "әкеміз алимент төлемейді" деп шағымданған болатын.

Осыған байланысты Әлібек Қуаныш: "Мен отбасымыздағы жағдайды көпшілікке шығарғым келмеген еді. Бірақ ұлымның видеосы үлкен резонанс тудырғандықтан, бірнеше ауыз сөз айтуды жөн көрдім.

Ұлым мен қызым шамамен үш жыл менімен бірге тұрды. Осы жылдың қаңтар айында олардың анасы балаларды өзімен бірге алып кетті.

Отбасымызда шын мәнінде не болғанын және қазір не болып жатқанын толық білетін тек өзіміз. Мен бұл жағдайды көпшілік алдында талқылағым келмейді, ешкімді айыптағым да, ұлыма әлеуметтік желі арқылы жауап бергім де келмейді.

Барлық дау-дамай мәселе заң аясында, қажет болса сот арқылы шешіледі.

Мен балаларымды жақсы көремін, әрқашан оларға қамқор болып, қолымнан келгенше көмектесіп келдім. Алдағы уақытта да солай болады.

Сонымен қатар өзім жұмыс істейтін орным туралы да айтқым келеді. Мен жеке кәсіпкермін. Ал партиямен қоғамдық еріктілік қарым-қатынаста жұмыс жасаймын. Яғни қолым бос кезде ғана партияға барып, қоғамдық абыройлы жұмыстарға көмектесемін.

Сол себептен партияның төрағасы және БАЙТАҚ партиясы біздің отбасылық келіспеушіліктерімізге еш қатысы жоқ. Бұл тек біздің отбасымыздың ішіндегі жеке мәселе.

Ал балаларымды өз қолыма алып, барлық жағдайын жасауға дайынмын”, - деп мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар