"Алаш арыстары дін үшін күресті" дейді Балым Серікханқызы

"Алаш арыстары дін үшін күресті" дейді Балым Серікханқызы

Балым Серікханқызы атты желі қолданушы діндар қыз айды аспанға бір ақ шығарып, әлеуметтік желіні шулатып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Балым Серікханқызы: "Алаш зиялыларының дін үшін қалай күрескенін оқып , исламның қаншама кедергілерден өтсе де өз қалпын сақтап бұрмаланбағандығына Аллаһтың қорғауындағы дін екендігіне тағы бір мәрте көзім жетті" деген жазба жариялады. 

Бұл жазбаны қандай мақсатты жазғанын Балымның кейінірек "Атеистер үшін жылайтын жазба болды ма?"деп қосымша жазғанынан білуге болады. 

Десек те, тұтас ұлттың пір тұтқан азаматтарына нақақтан нақақ жала жауып, жалған ақпаратты әлеуметтік желіде таратып отырған діндар қыз Қазақстан елі шариғатпен емес, Заңмен жүретінін ескермегені өкінішті. 

Діндар әйелдің бұл жазбасына өз ұлтының тарихын жетік білетін әрбір азамат қарсы пікір жазуда. Өкінішке қарай, діндар қызымызға ұлттың ұлы тарихы емес, киелі кітабы өзге тілде жазылған өзінің діни сенімі құндырақ сияқты. Жазбасын әзірге жоймады. 

Барлық жаңалықтар