"Алда-жалда қайтыс болсам..." деген Хасен Қожахмет сұрапыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Алда-жалда қайтыс болсам..." деген Хасен Қожахмет сұрапыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Танымал диссидент, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Хасен Қожахмет белгілі журналист Арман Әубәкірге берген сұхбатында жақындарына қандай өсиет қалдырғанын айтты деп жазады Democrat.kz.

Хасен Қожахмет балалары мен туыстарына ерекше өсиет қалдырғанын айтып: "Егер алда-жалда қайтыс болсам, менің бейітіме айдың белгісін қоймаңдар деп өсиет еттім. 

Маған арабтың таңбасының керегі жоқ. Егер қайтыс болсам, бейітіме түркілердің таңбасын қойсын дедім. Мен Қазақ хандығының адамымын. Керей Жәнібек бабаларым көтерген өзіміздің таңбамыз бар.

Менің бейітімнің басында осы таңбаны темірден қойса, жетеді. Арабтың белгісінің керегі жоқ. Арабтар біздің жерге қалай келгенін білеміз. Қорасанда мыңдаған кісіні крестке шегелеп, қорлап өлтірген. Біздің түркі өркениетін өртеп, құртып, жойып, біздің жерге келген", - деп мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар