ТикТок әлеуметтік желісінде "Нысана" театрының актері Жарас Ахметовті бір тойда ұстап алған екі азамат "ақшамызды қайтар" деп әбден масқарасын шығарды деп жазады Democrat.kz.
Видеоны қарап түсінгеніміз, "Нысана" театрының актері Жарас Ахметов екі жыл бұрын алған тауарларының ақшасын бермей қойған.
Видео авторы Жарас Ахметовтің 800 мың теңгелік тауар алып, кейін ақшасын қайтармай қойғанын, телефонмен хабарласса, барлық жерден блокқа салып тастағанын айтты.
Ал актер Жарас Ахметов болса, бұл қарыз ақшадан хабарсыз екенін, дәл қазір ақшасы жоқ, қиналып жүргенін айтады.
Дәл осыған ұқсас жағдай Threads желісінде де жазылып жатыр. Желі қолданушылардың айтуынша, бірер жыл бұрын ұтыс ойындарын ұйымдастырған Жарас Ахметов уәделі сыйлықтарды бермегенін айтады.
