Алматы тұрғыны кешіккен пәтері үшін құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге өндіріп алды

Алматы тұрғыны кешіккен пәтері үшін құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге өндіріп алды

Алматыда сатып алған пәтері, коммерциялық үй-жайы және автотұрағы уақытында берілмеген азамат құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алды. Іске Жоғарғы сот нүкте қойды, деп жазады Democrat.kz.

Алматылық тұрғын 2021 жылы құрылыс компаниясымен үш алдын ала келісім жасаған.

Ол пәтер, тұрғын емес үй-жай және автотұрақ құнын толық төлеген. Құрылыс салушы нысанды 2023 жылдың соңына дейін аяқтап, негізгі сатып алу-сату келісімдерін рәсімдеуге міндеттенген.

Алайда ғимарат тек 2024 жылғы қазанда пайдалануға берілген.

Қабылдау актілері 2025 жылғы қаңтарда, ал негізгі сатып алу-сату келісімдері наурызда ғана жасалған.

Алғашқы және апелляциялық соттар сатып алушының талабын қанағаттандырмаған. Бірақ Жоғарғы сот істі қайта қарап, құрылыс салушының міндеттемені уақытында орындамағанын ескерген.

Нәтижесінде сатып алушының пайдасына 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы шешім шығарылды. 

Барлық жаңалықтар